Министрлік АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдер жөнінде мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 18:03
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Министрлік АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдер жөнінде мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдер жөніндегі мәлімдемесіне қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық күнтәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отыр. Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалауда», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, еліміз өзінің халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы АҚШ-пен келіссөздер бойынша өкілін тағайындағанын жазған едік.