Милан Олимпиадасы: Биатлоннан Қазақстан құрамасы эстафетада өнер көрсетті

Милан Олимпиадасы: Биатлоннан Қазақстан құрамасы эстафетада өнер көрсетті

Бүгін Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аралас командалық эстафетада (4×6 км) Қазақстан командасы соңғы кезеңде көшбасшы командадан бір айналымға қалып кетіп, мәреге жете алмады (21-орын). Алғаш болып жарыс жолына отандастарымыздан Владислав Киреев шықты. Содан кейін Әсет Дүйсенов жарысып, кезекті Милана Геневаға табыстады. Ал эстафетаны Айша Рақышева түйіндеді. 

Аралас командалық эстафета, жүлдегерлер: 
1. Франция 
2. Италия 
3. Германия 

Айта кетейік, енді «Антерсельва аренада» биатлоннан келесі жарыс 10 ақпанда ерлер арасындағы жекелей сындағы жарысқа жалғасады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков скиатлон жарысын аяқтады.