Милан Олимпиадасы: Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков скиатлон жарысын аяқтады

Милан Олимпиадасы: Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков скиатлон жарысын аяқтады
Фото: ҰОК

Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы алғашқы бәсеке өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) Ұлттық құраманың екі спортшысы - Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков бақ сынады. Жарыс нәтижесінде Әмірғали 45-ші (50:39.00), Наиль 49-орын алды. 

Бұл дисциплинада спортшылар алғашқы 10 шақырымды классикалық стильде жүріп өтті. Ал қалған бөлікті пит-стопта шаңғы ауыстырып, еркін мәнерде бағындырады.

Бүгінгі жүлдегерлер тізімі, скиатлон: 
1. Йоханнес Клебо (Норвегия)
2. Матис Делож (Франция) 
3. Мартин Нюнгет (Норвегия) 

Айта кетейік, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа, оның ішінде Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары фаворит саналады. 

Отандастарымыз Әмірғали мен Наиль алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Былтыр көктемде 20 жастағы шаңғышы жастар арасындағы әлем чемпионатында 13 және 15-орыннан көрінді. Ал тәжірибелі Наиль - эстафетада қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Еске салсақ, сағат 18:00-де биатлоннан аралас эстафетада Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Айша Рақышева, Милана Генева жарыс жолына шығады.