Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған концертті жұртшылықпен бірге тамашалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Астана Опера» театрының сахнасында Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада түрлі салада жетістікке жеткен әйелдерді марапаттаған болатын.