Мемлекет басшысы: Абай мен Мақтымқұлы туындыларында үндестік бар
11 қазан, 2024
Фото: akorda.kz
Бұл турлы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы кеше Түрікменстанға ресми сапары аясында Ашхабадта қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылғанын атап өтіп, Абай мен Мақтымқұлы туындыларында өзара үндестік пен үйлесім бар екенін айтты
«Олардың рухани мұрасы екі елдің сан қырлы мәдениетін байытып, барша адамзаттың ортақ құндылығына айналды. Қазақ-түрікмен халықтарының тамыры – бір, тарихы – ортақ. Достығымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Осы мызғымас құндылықтардың негізінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Мұның бәрі қазақ-түрікмен қатынастарын одан әрі нығайта түсері сөзсіз», - деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
5 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент өкілеттіктерін бекітті
4 қыркүйек, 2026
Президент министрге мәдениет пен креативті индустрияны дамытуды тапсырды
3 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит Бірлескен мәлімдеме қабылдады
3 қыркүйек, 2026
Лаос Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты