Көлсай көлдерінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды
26 қараша, 2024
фото:Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті/facebook
«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Біздің фототұзақ сирек кездесетін жануарлардың таңғажайып сәттерін түсіріп алды. Түнгі уақытта парк аумағында өз табиғи ортасында сенімді қимылдап жүрген қар барысы байқалды. Сонымен қатар, фототұзақ сирек кездесетін Түркістан сілеусіні түсірді, ол жемтігін байқаған бойда секіруге дайындалып, бірақ соңғы сәтте райынан қайтып, нысанасын тастап кетті», - деп көрсетті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
Бұл кадрлар жыртқыштардың күнделікті өмірін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге парк аумағында олардың мекендеуіне қолайлы жағдай жасалғанын дәлелдейді.
Ұқсас жаңалықтар
15 тамыз, 2026
Астана – Бейжің бағыты бойынша әуе рейстері көбейді
15 тамыз, 2026
Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті
14 тамыз, 2026
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда 1 114 санитарлық торап жұмыс істеп тұр
14 тамыз, 2026
Елімізде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр