Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды айыптағаны үшін алғыс білдірді

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды айыптағаны үшін алғыс білдірді
Фото: Ақорда

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчыван әуежайына дрон шабуылын айыптағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.

Ильхам Әлиев бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иран мемлекеті тарапынан Нахчыван әуежайына жасалған шабуылдарды айыптағаны және біздің елімізге Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы одақтас және бауырлас рухта қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін», - делінген мәлімдемеде.

 

Еске сала кетсек, Нахчыван қаласындағы әуежайға Иран дронының шабуыл жасауын ҚР Президенті айыптаған еді.