Қазақстан Президенті Нахчыван әуежайына дрон шабуылын айыптады

Қазақстан Президенті Нахчыван әуежайына дрон шабуылын айыптады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.

Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.