«Іле-Алатау» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
4 сәуір, 2025
фото: видеодан алынған кадр
Мемлекеттік «Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілінді. Видео парктің әлеуметтік желедіге парақшасында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сирек кездесетін қар барысы қайтадан фототұзаққа түсіп, жабайы табиғаттың ерекше сұлулығын көрсетті. Бұл кадрлар 7-13 ақпан аралығында түсірілген.
«Ғылыми инспекторлардың маңызды еңбегін атап өткен жөн, олар тәулік бойы парктің аумағын бақылап, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша зерттеулер жүргізеді. Олардың қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында фототұзақтар дұрыс жерлерге орнатылып, осындай әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
15 тамыз, 2026
Астана – Бейжің бағыты бойынша әуе рейстері көбейді
15 тамыз, 2026
Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті
14 тамыз, 2026
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда 1 114 санитарлық торап жұмыс істеп тұр
14 тамыз, 2026
Елімізде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр