ІІМ Тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Самат Аисов ІІМ Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ол Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ішкі істер органдарында тәжірибесі мол әрі басқару бойынша еңбек өтілі бар.
Таныстыру барысында министр Ержан Сәденов Тергеу департаментінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өтті.
Самат Аисовқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, заң мен азаматтардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ тергеу жұмысының нәтижелері үшін басшылардың жеке жауапкершілігін қадағалауды міндеттеді.
Еске салайық, бұған дейін Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалған болатын.