Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды

Бүгін, 10:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды
Фото: Бас прокуратура

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.

Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы тамыздан Шымкент қаласының прокуроры лауазымында қызмет етті.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Еске салайық, бұған дейін Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.