Есірткі заттарын заңсыз сақтаған ерлі-зайыптылар ұсталды
20 желтоқсан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласында есірткі заттарын заңсыз дайындаумен және сақтаумен айналысты деген күдікпен жас отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Олар Telegram арқылы жетекшіден алған нұсқау бойынша әрекет етіп отырған. Күдіктілер прекурсорларды ары қарай синтетикалық есірткі дайындау үшін алып кетіп жүрген. Дайын өнімді қаптап, одан әрі сату үшін орамалар жасаған.
Үйді тінту кезінде 270-ке жуық доза, сонымен қатар қажетті компоненттер мен құрал-жабдық тәркіленді.
Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Ұқсас жаңалықтар
16 тамыз, 2026
Астанада Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған азаматқа көмек көрсетілді
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды