Есірткі қылмысына қатысты 26 күдікті ұсталды - ҰҚК

Бүгін, 12:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Есірткі қылмысына қатысты 26 күдікті ұсталды - ҰҚК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰҚК мәліметінше, биыл сәуір айынан бастап есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасы жойылды, 1 фитозертхананың қызметі залалсыздандырылды.

Ақтау қаласының әуежайында жалпы салмағы 1 келі болатын 114 апиын капсуласын денесінде өткізуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды. Елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген қазақстандық ұсталды. Бұдан бөлек, ірі көлемдегі «көкнәр сабағын» контрабандалық жолмен алып өтуге және таратуға, сондай-ақ аталған шикізаттан есірткі құралдарын өндіру бойынша құқыққа қайшы әрекеттің жолы кесілген. 

Барлығы 3,4 келі апиын, 9 келі гашиш, 11,4 келі синтетикалық есірткі, 18,5 келі гашиш майы, 26,4 келі марихуана, 110 г кокаин және 20 тонна көкнәр сабаны, сондай-ақ 150 литрден астам прекурсор тәркіленді. Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен елдің 23 азаматы мен 3 шетелдік ұсталған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады. 

Еске салсақ, Астанада екі пәтерден есірткінің ірі партиясы тәркіленді.