Есіл өзенінде қатты ағыс пикапты 500 метрге дейін алып кетті

Есіл өзенінде қатты ағыс пикапты 500 метрге дейін алып кетті
ТЖД видеосының скрині

Бүгін Ақмола облысы Аршалы ауданында Есіл өзенінен өтпек болған көлікті ағыс шамамен 500 метрге дейін алып кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік иесі Астанаға тез жету үшін №42 разъезден төте жолға шығып, Есіл өзеніндегі көпірдің астымен өтіп кетпек болған. Алайда ағыс қатты болып, көлікті ағызып әкеткен. Көлік ішіне су кірмегендіктен, ол батып кетпеген. Жүргізуші көліктің терезесінен шығып, пикаптың жүк салғышында көмек күткен.

Оқиға орнына Аршалы ауданының мамандандырылған бөлімшесінің құтқарушылары жедел келді. Катердің көмегімен олар ер адамға жетіп, оны жағаға шығарды.

43 жастағы жүргізушіге медициналық көмек қажет болмады.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері 526 шақырымнан астам ирригациялық канал тазартылды.