Ерлан Қарин ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ерлан Тынымбайұлы 1976 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.
1996 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітіріп, «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігін алып шықты.
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді. Саясат ғылымдарының кандидаты.
1996 жылдан бастап – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.
1998 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.
2000 жылғы шілдеден бастап – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
2002 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
2003 жылдан бастап – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры.
2004 жылғы маусымнан бастап – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.
2006 жылғы мамырдан бастап – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2008 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2008 жылғы қарашадан бастап – «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы.
2013 жылғы желтоқсаннан бастап – Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры.
2014 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2017 жылғы ақпаннан бастап – «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2019 жылғы сәуірден – 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2020 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2022 жылғы 5 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 14 маусымдағы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды.