Енді Қазақстанды өзіңіз таңдаған кәсіби гидтің көмегімен аралауға болады

Бүгін, 18:06
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Енді Қазақстанды өзіңіз таңдаған кәсіби гидтің көмегімен аралауға болады
Фото: freepik.com

Қазақстан бойынша саяхаттауды жоспарлап, кәсіби гид іздеп жүрсіз бе? Kazakhstan Travel ресми туристік порталында елдің әртүрлі өңірлерінде қызмет ететін сертификатталған гидтер мен экскурсоводтарды таңдай аласыз, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Тізілімдегі мамандар өз біліктілігін растады және бейдждер иеленді. Бүгінде порталда Алматы және Алматы облысы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары еңбек ететін гидтер бойынша ақпарат ұсынылған», - делінген хабарламада. 

Тізілім қажетті өңірден гид таңдауға, қаламен, табиғи бағыттармен, мәдени-тарихи нысандармен немесе жергілікті дәстүрлермен танысу үшін маршрут пен сүйемелдеудің форматын алдын ала талқылауға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұдан бұрын Туризм және спорт министрлігі еліміздегі тау шаңғысы курорттарына мониторинг жүргізе бастағаны туралы жаздық.