Референдум-2026

Елордамыз үлкен мүмкіндіктер мекені - Нұрлыбек Нәлібаев Астана күнімен құттықтады

Бүгін, 15:25
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордамыз үлкен мүмкіндіктер мекені - Нұрлыбек Нәлібаев Астана күнімен құттықтады
Фото: Нұрлыбек Нәлібаев

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев отандастарымызды Астана күнімен құттықтап, елорданың ел өміріндегі маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Қадірлі отандастар
Баршаңызды 6 шілде -  Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана - Тәуелсіз еліміздің жарқын жетістіктері мен асқақ мұраттарының айқын көрінісі. Осы жылдар ішінде әлем мойындаған заманауи мегаполиске, мемлекетіміздің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығына айналды. 

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі» деп атап өтті. 

Астанамыздың көз тартар сәулеті мен бірегей архитектурасы, халықаралық деңгейдегі маңызды форумдар мен мәдени-спорттық іс-шаралары өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты, жасампаздыққа деген құлшынысты және болашаққа деген сенімді нығайта түсуде», - деді Н.Нәлібаев. 

Ол елордамыз үлкен мүмкіндіктер мекені, бірлік пен татулықтың, ортақ мақсат пен келешекке ұмтылыстың символы екенін айтты. 

«Еліміздің барлық өңірлеріне даму бағытын айқындайтын, жаңару мен өрлеудің үлгісіне айналған шаһар. 

Бас қаламыз - барша  қазақстандықтардың  мақтанышы, Астана күні - отандастарымызға ортақ мереке.

Атаулы күнде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! 

Елордамыздың сән-салтанаты артып, айбыны асқақтай берсін!», - деді ол.