Елордалық ұстаздар жаңа конституция жобасының негізгі бағыттарын зерттеді

Елордалық ұстаздар жаңа конституция жобасының негізгі бағыттарын зерттеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін Астананың бірнеше мектебінде білім беру ұйымдарының басшылары педагогтерге арналған кеңес өткізді. Жиында Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінге сілтеме жасап.

Спикерлер бұған дейін мемлекеттік мүдде басым болғанын, ал жаңа жобада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, конституциялық өзгерістердің қоғам өмірі мен білім саласына ықпалы жөнінде пікір алмасу жүргізілді.

Кеңес барысында педагогтер сұрақ қойып, ұсыныс білдірді. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдегі реформалар туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қаладағы жиырма мектепте өткен кездесулерге шамамен екі мың педагог қатысты