Елордалық прокурорлар оқушылармен интернет-алаяқтық және дропперліктің алдын алу жөнінде кездесу өткізді

Бүгін, 20:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордалық прокурорлар оқушылармен интернет-алаяқтық және дропперліктің алдын алу жөнінде кездесу өткізді
Фото: видеодан скриншот/ prokuratura.ast

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы №97 мектеп-гимназиясының оқушыларымен интернет-алаяқтыққа және дропперлікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында оқушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, әлеуметтік желілер мен банк сервистерін пайдалану кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ дропперлік схемаларға қатысқаны және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Жастар арасындағы киберқылмыстың алдын алу және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастырады.