04.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық мектепте арнайы құқықтық кабинет ашылды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Елордалық мектепте арнайы құқықтық кабинет ашылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордалық мектепте арнайы құқықтық кабинет ашылды

|

Бүгін Астанадағы 97 мектеп-гимназиясында «Әділет мектебі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Әділдік алаңы» кабинеті ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ, Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсима Бимендина, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Әйгерім Өмірзақова, Астана қаласы Білім басқармасы кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Қасенова қатысты.

«Әділет мектебі» жобасының мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал ету.

«Мектебіміздің миссиясы – тарих, құқықтану пәндерін тереңдетіп оқыту. Қазіргі оқу жылында бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде «Әділет мектебі» жобасының бағдарламасы, тұжырымдамасы, сабақ жоспарлары, практикалық бөлімі әзірленді. Бұл жоба осыдан 2 жыл бұрын қолға алынды. Кабинетте дебат-тренингтер, кездесулер, тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізіледі. Бүгінде жобаны  Астананың 8 мектебімен бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. «Әділет мектебі» -  заман талабынан туындаған бастама. Жоба аясында ошушыларды шығармашылыққа тарту бағытында бірнеше қысқаметражды фильмдер түсірілді. Олар мектептегі құқықбұзушылықтар тақырыбына арналған», - деді мектеп директоры Зәмзагүл Қиянова.

Меймандарға заң және тәртіп тақырыбында оқушылар түсірген фильмдер көрсетілді.

Іс-шара барысында 8-сыныптың 50 оқушысы «Әділет мектебіне» салтанатты түрде қабылданды. Енді олар 4 жыл бойы заңдарды тереңдетіп оқиды. Мектеп директорының айтуынша, мұндағы мақсат - болашақта мемлекетіне адал қызмет ететін, құқықтық мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

«Бүгін №97 мектеп-гимназиясында өтіп жатқан «Әділет мектебі» жобасы прокуратура, Білім басқармасы, қала әкімдігімен бірлесіп атқарылып отыр. Бастысы, нәтиже бар. Оқушылар «Заң және құқық» тақырыбында суреттер салып жатыр. Былтыр біз оқушылармен бірге бірнеше профилактикалық роликтер түсіру жұмысын бастадық. Олар Астанада ғана емес, бүкіл республика аумағында кинотеатрларда көрсетілуде. Буллинг, құқықбұзушылық тақырындағы бейнероликтерге түскен оқушылардың ой-пікірі өзгеріп жатқанын байқадық. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – құқықтық кабинеттің ашылуы. Енді алдағы уақытта біз, яғни прокуратура қызметкерлері, жұмысымызды практика жүзінде оқушыларға көрсетіп тұрамыз. Сондай-ақ оқушылармен бірге түрлі іс-шара өткіземіз. Мәселен, бүгін әріптестеріміз балалармен бірге сот процесін көрініс арқылы көрсетті», - деді Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Әйгерім Өмірзақова.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗