Референдум-2026

Елордалық филармония хоры халықаралық фестивальде үш Гран-при жеңіп алды

Бүгін, 16:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалық филармония хоры халықаралық фестивальде үш Гран-при жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры Қытай Халық Республикасының Гонконг және Шэньчжэнь қалаларында өткен II Халықаралық хор фестивалінде үш бірдей Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұжым «Аралас хор», «Камералық хор» және «Заманауи хор» аталымдары бойынша ең жоғары марапатқа ие болып, фестивальдің басты жеңімпаздарының біріне айналды.

Фестивальге Қытай, Италия, Германия, Аустралия, Ресей, Жаңа Зеландия, Беларусь, Таиланд, Қазақстан және өзге елдердің хор ұжымдары қатысты. Байқауға халықаралық қазылар алқасы төрелік етті.

Фестиваль барысында хор Махамбет Өтемісұлының сөзіне жазылған «Мен – мен едім» шығармасын және қытай композиторы Ван Чаоның «Жол» туындысын орындады. Қазақстандық ұжымның өнері көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Үш бірдей Гран-при Қазақстанның хор өнерінің халықаралық деңгейдегі жоғары беделі мен кәсіби әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.