Елордада жаңа Конституция аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері қаралды
Астанада «Қазақстанның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі тарихи-мәдени мұраның орны мен маңызы» тақырыбында «SARAP» сарапшылар клубының отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара Қазақстан қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
Жиынға Конституциялық комиссия мүшелері, Қазақстан Жазушылар одағы, Ұлттық академиялық кітапхананың өкілдері, ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Қатысушылар тарихи-мәдени мұраның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі рөлін және оның ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызын қарастырды.
Тарихи мұраны сақтау мен мәдени сабақтастық мемлекеттік саясат пен конституциялық тәртіптің маңызды құрамдас бөлігі екені атап өтілді.
Сонымен қатар мұраны қорғау, ғылыми зерттеу және оны ұлттық әрі халықаралық деңгейде дәріптеу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша осы саладағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Еске салайық, бұдан бұрын «Референдум-2026» онлайн-марафоны өткенін хабарлаған едік.