Елордада ұстаздар жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін, 11:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада ұстаздар жаңа Конституция жобасын талқылады
Фото: instagram.com/saryarqa.audany

Астанада №65 мектеп-гимназияда «Сарыарқа» ауданы мектептерінің мұғалімдері қатысқан жиын өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жан-жақты талқыланды.

Іс-шараға қатысқан мәслихат депутаты Ләззат Разбекова Конституция жобасындағы негізгі бағыттарға тоқталып, енгізіліп отырған өзгерістер мен жаңашылдықтарды кеңінен түсіндірді.

Жаңа Конституция ашықтық қағидаттарын нығайтып, әр азаматтың өз құқығы мен еркін таңдауына мүмкіндік беретін маңызды қадам екені айтылды.

Бұған дейін Астанада Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланғанын жазған едік.