Астанада Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды

Бүгін, 11:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды
Фото: instagram.com/nura.audany

Астана қаласы «Нұра» ауданында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Кездесуде қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Өтешев спикер ретінде сөз сөйледі.

Талқылау барысында қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдіріп, қоғам мүддесіне қатысты бастамаларды қарастыруда ашық диалогтың маңызын атап өтті.

Бұған дейін Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Конституция жай ғана құқықтық құжат емес екенін айтқан болатын.