Елордада Республика даңғылы бойындағы қиылыстарда жөндеу жұмыстары басталды

Бүгін, 09:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада Республика даңғылы бойындағы қиылыстарда жөндеу жұмыстары басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысының шектелуіне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Астанада келесі қиылыстарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі: 

- Республика даңғылы мен А.Иманов көшесі;

- Республика даңғылы мен Кенесары көшесі;

- Республика даңғылы мен Абай даңғылы.

«Осыған байланысты 19-21 сәуір аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз», - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. 

Еске сала кетейік, елордада Astana Eurasian Book Fair-2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді.