Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы қала прокуратурасының бастамасымен «Жаңа мүмкіндік» жобасы аясында Алматы және Сарайшық аудандары Мансап орталықтарының филиалдарында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін түсіндіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Кездесудің негізгі мақсаты қиын жағдайға тап болған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы жұмысқа орналасу мәселелері түсіндіріліп, сұранысқа ие бос жұмыс орындары, кәсіптік оқудан өту және әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік оңалту, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға бағынатын өмір салтына тұрақты мотивация қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Астана қаласының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге және олардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырады.
Елордада прокуратура қызметкерлері пробация есебінде тұрғандарға қолдау шараларын түсіндірді
18 мамыр, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
13 қараша, 2026
Астанада заңсыз қоқыс төккен жүздеген адамға айыппұл салынды
13 қараша, 2026
«Тұран-Астана» университетінде жастардың құқықтық сауатын арттыруға арналған онкүндік өтіп жатыр
13 қараша, 2026
Көкшетау – Астана тасжолында нөмірін жасырған жүргізуші ұсталды
13 қараша, 2026
Таныс болса да, сәлемдемесін тасыма: авиациялық әкімшілік жолаушыларды сақ болуға шақырды