27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада күйші Омархан Керімқұловтың 90 жылдығына арналған кеш өтті

|
Photo: «Қазақконцерт» ұйымынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада күйші Омархан Керімқұловтың 90 жылдығына арналған кеш өтті

|
Photo: «Қазақконцерт» ұйымынан

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында күйші-композитор Омархан Керімқұловтың 90 жылдығына арналған «Жетісудың желмая күйшісі» атты музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Концерттік бағдарламада Жетісу күйшілік әрі әншілік дәстүрінің көрнекті тұлғалары – Қожеке Назарұлы, Сыбанқұл Қалбасұлы, Бестібай, Сәдіқожа Мошанұлы және Омархан Керімқұловтың авторлық күйлері орындалды. Сондай-ақ О.Керімқұловтың шығармалары алғаш рет сыбызғы, қобыз, шаңқобыз, жетіген секілді дәстүрлі-фольклорлық аспаптардың орындауында көрерменге ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Шалдыбеков, күйші, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Бауыржан Мұхаметбай, Бауыржан Бекмұханбет, Батырлан Әбенов, Мақсат Медеубек, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Венера Табыс, Жанту Дадабаев, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің домбырашылар квартеті – Ералы Таупих, Бейбарыс Бакишев, Ернұр Төлепбергенов және Абылайхан Мамырбаев қатысты.

Омархан Керімқұлов – қазақ күй өнерінің асыл шежіресін жеткізген дара тұлғалардың бірі. Ол тек күй орындаушы ғана емес, оның терең құпиясын, рухани қуатын жан-жүрегімен сезініп, зерттеген зерделі күйші болды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗