Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында 2 желтоқсан күні әнші Әміре Қашаубаевтың Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына орай авторы Қанат Жүнісовтің «Әміре» музыкалық драмасының премьерасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне алғаш қатысқан қазақтың халық әншісі, кәсіби қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі Әміре Қашаубаевтың дала сахнасынан басталған шығармашылық жолы, зұлмат заман мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянаттың қақтығысы бейнеленген.
«Қазақ дәстүрлі ән өнерінің тарихында ғажайып орындаушылық шеберлігімен өшпес із қалдырған Әміре Қашаубаев – ұлт мақтанышы. Әміре әндері – ұлтымыздың рухани құндылығы», - деп жазылған хабарламада.
Қойылым тобы:
Қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 15 минут
Басталуы: сағат 19:00-де.