Елімізде тегін дәрі-дәрмек алушылар саны 3,4 млн-ға жетті - Тимур Мұратов

Бүгін, 14:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде тегін дәрі-дәрмек алушылар саны 3,4 млн-ға жетті - Тимур Мұратов
Фото: ОҚК

Қазақстанда 7 жыл ішінде тегін дәрі-дәрмекті алатындар саны 3,4 млн-ға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, соңғы жеті жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі орасан зор сандық және сапалық өсу жолынан өтті.

2018 жылы 1,9 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,4 млн-ға жетті. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов елдің әрбір алтыншы тұрғыны мемлекеттен дәрі-дәрмек түрінде қолдау алатынын атап өтті. 

«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бюджеті үш еседен астам өсті. 2018 жылғы 87,2 млрд теңгеден 2026 жылға қарай жоспарланған 337 млрд теңге көрсеткішіне шығамыз. Бұл өсім тек инфляциялық процестерге ғана емес, сонымен қатар қымбат тұратын инновациялық дәрілердің тізімге енгізілуіне де байланысты», – деді ол ОКҚ алаңында.

Еске салсақ, Қарағандыда фармацевтикалық өндірісті жаңғыртуға 42,5 млрд теңге инвестиция салынады.