Елімізде медициналық қызметтерге 905 млрд теңге жұмсалды
Биылғы жылдың 1-ші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметтер көлемі 905,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қаржыландырудың негізгі көздері: МӘМС қоры - 48,6%, бюджет қаражаты - 22,4%, халық қаражаты - 20,7%, кәсіпорындар қаражаты – 8,3%.
Меншік нысаны бойынша көрсетілген қызметтердің 60,9% мемлекеттік ұйымдарға, 35,9% жекеменшік ұйымдарға және 3,2% шетелдік ұйымдарға тиесілі.
Қызмет көлемінің негізгі үлесін құрады: ауруханалар - 49,7% (450,1 млрд теңге); өзге де медициналық қызметтер - 17,9%; жалпы дәрігерлік практика қызметтері - 15,7%.
Бизнес көлемі бойынша: ірі кәсіпорындар - 57,7%; шағын кәсіпорындар - 25,8%; орта кәсіпорындар - 16,5%.
Ең төмен үлес: стоматология - 5,8%; мамандандырылған дәрігерлік практика - 5,6%; тұратын орынды қамтамасыз етумен әлеуметтік қызметтер - 3,8%; Тұратын орынды қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер - 1,5%-ды құрады.
Еске салсақ, тәуелсіздік жылдарында елімізде нәрестелер өлімі 7,5 есеге төмендеді.