Елімізде «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Бүгін, 19:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде «Кітапхана түні» акциясы өтеді
фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылады.

Атап айтқанда, Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады.

Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасын өткізу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұсынылады.

Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылады.

Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші өтеді.

«Аталған бағдарлама кітапхана қызметін жандандырып, кітап оқуды насихаттаудың заманауи үлгіле­рін қалыптастыруға бағытталған», делінеді хабарламада.

Еске салсақ, елордада Astana Eurasian Book Fair-2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді.