Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындайды. Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады.
Бүгінде еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды.