Дауыс беру рәсімінде азаматтарға қоңырау шалу және SMS код сұрату қарастырылмаған

Дауыс беру рәсімінде азаматтарға қоңырау шалу және SMS код сұрату қарастырылмаған
Фото: freepik.com

Азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумда «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS кодты хабарлауды сұрайтын алаяқтық топтардың әрекеті туралы ақпарат түсіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, кейбір мессенджерде өздерін «онлайн дауыс беруді ұйымдастырушымыз» деп таныстырып, Конституция жобасы бойынша референдумға қатысушыларды «тіркеуден өткіземіз» деп азаматтарды алдайтын хабарламалар таралып жатыр.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дауыс беру және оған қатысты рәсімдер азаматтарға телефон арқылы қоңырау шалуды немесе SMS кодтарды сұратуды көздемейтінін ескертті. Референдумда дауыс беру тек тиісті учаскелерде, қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Орталық азаматтарды белгісіз тұлғаларға дербес деректерін бермеуге және тек орталық, аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларының ақпараттық хабарламасына ғана сенуге шақырады.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде ер адам алаяқтарға 10 млн теңгесін аударып жібере жаздаған.