Ақтөбеде сатушы ер адамды 10 миллион теңгесін алаяқтарға аударудан сақтап қалды

Бүгін, 12:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақтөбеде сатушы ер адамды 10 миллион теңгесін алаяқтарға аударудан сақтап қалды
Фото: freepik.com

Ақтөбеде дүкен менеджері келушінің бірі телефонмен сөйлесіп, қатты қобалжып тұрғанын байқайды. Жігіттің алаяқтармен сөйлесіп жатқанын болжаған ол мән-жайды сұрайды. Ер адам расымен, алаяқтарға 10 миллион теңге аудармақ болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жігіт алаяқтарға сұраған ақшасын беру үшін ата-анасы отбасылық мерекеге дайындап қойған барлық алтын әшекейлерді сатпақ болған. Соның өзінде жігіт алаяқтарға 800 мың теңге аударып үлгерген.

Келтірілетін шығынның алдын алу үшін менеджер бірден «102» пультіне қоңырау шалды. Полиция келгенге дейін ол келушіні белгісіз адамдармен сөйлеспеуге, олардың нұсқауын орындамауға көндірді. Осылайша алаяқтардың арам пиғылын іске асыруға кедергі жасады. Нәтижесінде жәбірленушінің шамамен 9,2 миллион теңге көлеміндегі ақшасы мен мүлкі сақталды.

Еске салайық, бұдан бұрын бір топ қыздың алаяқтық жүйесінен 45 адам залал шеккені туралы жаздық.