Дәулет Мұқаев: Наурыз айы нағыз мерекелік ай болуға әбден лайық
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұртшылықты Көрісу - Амал мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық пен береке тіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Көрісу күні – Амал мерекесі құтты болсын!
Әр шаңыраққа амандық, береке мен бірлік тілеймін.
Наурызды тойлау уақытын ертеде «Наурызнама» деп атаған. Әр күні өзінше атаулы мереке болған. Өткен жылы осы үрдіс қайта жанданып, мемлекеттік деңгейде бекітілді.
Қытайлар да Жаңа жылды ерекше қарсы алады: ақпанның басынан бастап демалысқа шығып, бүкіл ел болып тойлайды. Көп компаниялар жұмыс кестесін осы айға бейімдеп қояды. Адамдар қаладан ауылдарына барып, мерекені үлкен деңгейде атап өтеді.
Меніңше, біздің Наурыз айы да дәл сондай деңгейге жетуі керек. Бұл ай нағыз мерекелік ай болуға әбден лайық», - деп жазды Дәулет Мұқаев.