Цифрлық жаңғырту: Еліміздің тау-кен өндіру кәсіпорындарына ЖИ мүмкіндіктері енгізіліп жатыр
Елімізде өнеркәсіптегі цифрлық трансформация жаңа кезеңге өтті. Ірі кәсіпорындардың өндірістік үдерістеріне жасанды интеллектінің кең мүмкіндіктерін енгізу бойынша 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасы аясында отандық 11 компания 40-тан астам жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары алтын өндіруші Solidcore Resources компаниясындағы цифрлық жаңғырту бағытында атқарылған жұмыстармен танысты.
Жол картасы аясында кәсіпорында ЖИ-дің төрт элементін іске асыру көзделген. Алғашқы кезеңде Абай облысындағы Бақыршық тау-кен кәсіпорнында автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі іске қосылды.
Қазіргі уақытта компанияда тағы екі жүйені іске қосуға дайындық жүріп жатыр:
- жұмысшыны нүктелік және аймақтық позициялау жүйесі
- оператордың цифрлық ассистенті
Жыл соңына дейін флотация процесін бақылау және басқару жүйесі енгізілмек.


Еске салайық, бұған дейін Армения Қазақстанның цифрландыру, ЖИ саласындағы жобаларына қызығушылық танытқаны туралы жаздық.