Цифрландыру: енді құжат ауыстыру үшін тұрғылықты жерге барудың қажеті жоқ

Бүгін, 19:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Цифрландыру: енді құжат ауыстыру үшін тұрғылықты жерге барудың қажеті жоқ
Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Цифрлық шешімдердің дамуы мемлекеттік қызмет көрсету форматын түбегейлі өзгертіп келеді. Елде цифрландыру бағыты аясында азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған түрлі сервистер қарқынды дамуда. Солардың бірі – қызмет алуды бұрынғыдан да икемді әрі ыңғайлы ететін экстерриториялық қызметтер, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ресми телеграм парақшасына сілтеме жасап. 

Экстерриториялық қызметтер - мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тәсілі. Енді қызмет алу үшін тұрғылықты тіркелген жерге бару міндетті емес. Яғни, бұрын құжат рәсімдеу немесе жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін өз ауданыңызға не қалаңызға бару қажет болса, қазір бұл талап жоқ.

Тіркеуге байланысты емес қызметтер:

Құжаттандыру:

-Жеке куәлік пен паспортты рәсімдеу (мерзімі өткенде, жоғалғанда немесе деректер өзгергенде);

-ЖСН алу. 

Әлеуметтік қызметтер: 

- Бала тууына және оны бір жарым жасқа дейін күтуге байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу;

-Зейнетақы тағайындау (базалық және жасына байланысты);

-Әртүрлі анықтамалар алу (сотталмағаны туралы, тұрғын үйдің бар-жоғы туралы, зейнетақы үзінділері). 

АХАТ қызметтері:

-Некені тіркеу;

-Некені тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктері мен анықтамаларын алу.

Арнайы ХҚҚО-да экстерриториялық қызметтер: 

1.Көлікті тіркеу

2.Кез келген өңірдің мемлекеттік нөмірін таңдау және алу

3.Жүргізуші куәлігі:

-Алғаш рет алу (емтиханды кез келген қалада тапсырғаннан кейін);

-Мерзімі өткенде немесе тегі өзгергенде ауыстыру;

-Жоғалған жағдайда қайта алу. 

4.Емтихандар:

- Теориялық және практикалық емтихандарды елдегі кез келген автоматтандырылған арнайы ХҚҚО-да тапсыру. 

Қызмет көрсету мерзімі қызмет түріне байланысты. Экстерриториялық қызметтер қызмет уақытын ұзартпайды.

Еске салайық, бұдан бұрын елімізде кейбір ХҚКО-лар алдын ала жазылу форматына көшкені туралы жаздық.