Қазгидромет 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.
Күндіз ауа температурасы -1-3°C.