БҚО-дағы автобус апаты: Үш адам ауруханаға жатқызылды

БҚО-дағы автобус апаты: Үш адам ауруханаға жатқызылды
Фото: БҚО Полиция департаменті

БҚО-да мектеп автобусының қоғамдық көлікпен соқтығысуы кезінде зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.  

Басқарманың мәлімдеуінше, бүгін Теректі ауданындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер арасында өмірге қауіп төндіретін жарақат анықталмаған.

«Барлық зардап шеккен адам жедел жәрдем бригадаларымен медициналық мекемеге тез жеткізіліп, қажетті тексеруден өтті. Тексеруден кейін үш науқас ауруханаға жатқызылды, ал қалғандарына амбулаториялық емдеу ұсынылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында Подстепное кентінде  болды. «Самара – Шымкент» жолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып қалған.