Самара – Шымкент тасжолында екі автобус соқтығысты
БҚО-ның Подстепное кентінде маршруттық автобус пен мектеп автобусының соқтығысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында болды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан соңғысы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деп хабарлады полицияда.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық жағдайлар анықталып, қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.