Бектенов ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды
Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие екенін, бірақ бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие. Алайда, бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажет. Осы ретте, жасанды интеллект базасында жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру ұсынылады, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға, бизнес шығындарын азайтуға және еуразиялық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтарын белгілегенін айтты.