Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтарын белгіледі – Бектенов
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағдарланған халықаралық ұйым болып саналатынын, ол негізгі Шарттың бірінші бабында бекітілгенін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемдегі қазіргі қалыптасып отырған күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, Бірлестік тұрақты түрде өз мақсаттары мен міндеттерін орындап, ЕАЭО мемлекеттерінің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Ең алдымен бұл тауарлар, қызметтер, капитал және еңбек күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін біртұтас нарық құруға қатысты.
Сонымен қатар ЕАЭО ұлттық экономикаларды технологиялық жаңартуға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және мүше мемлекеттердің әлемдік нарықтағы позицияларын нығайтуға ықпал етеді.
«2026 жылғы 1 қаңтардан бері Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мүше мемлекеттердің атына Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтары көрсетілген үндеу жолдады.
Қазақстан өзінің алдына толыққанды цифрлық ел болу жөнінде стратегиялық міндет қойып отыр. Осы мақсатта Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық IT-стартаптар технопаркі саналатын Astana Hub компаниясының негізінде заманауи экожүйе қалыптастырды. Білім беруді, ғылыми зерттеулерді және инновациялық жобаларды қолдау бастамасы біріктіретін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды.
Біз ЕАЭО бойынша әріптестермен цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялау саласында білім мен тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деді Олжас Бектенов.
Бұдан бұрын Қазақстанның ЕАЭО елдері арасында азық-түлік тауары бойынша ең төмен бағаны сақтап отырғанын жазған едік.