Бас прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бас прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады
Фото: AmCham

Бас прокурор Берік Асылов Американдық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, сондай-ақ Consolidated Contractors Company халықаралық компаниясының және шетелдік қатысуы бар «Комек Машинери ҚазаҚстан» ЖШС өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Инвесторлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қабылдап жатқан шаралардың практикалық тиімділігін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

Инвесторлар осы жайында пікірлерін желідегі парақшаларында жазды. 

«КОМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан» компаниясының instagram-дағы парақшасында екі мәселенің шешімін тапқанын атап өтіп, Бас прокуратураға алғыс білдірді. 

Ал Американдық сауда палатасының Қазақстандағы директоры Джефф Эрлих linkedin желісінде прокурорлар көмегімен мәселелерді жедел шешкенін атап өтті.