Қазақстанда қанша театр бар
29 тамыз, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа театр маусымы ашылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 74 театр жұмыс істейді, олардың басым бөлігі (79,7%) мемлекет меншігінде.
Театр алаңдарының саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр, онда 22 театр жұмыс істейді. Астанада – 10, Шымкентте 6 театр бар.
Театрлардың негізі үлесі драма театрлары – 40. Сонымен қатар 11 қуыршақ театры, 4 музыкалық және дәл сонша опера және балет театры, басқа да жанрдағы сахна алаңдары жұмыс істейді.
2024 жылы спектакльдерді 3 млн адам тамашалаған, бұл бір жыл бұрынғыдан 3% артық. Бір жылда барлығы 2 553 қойылым сахналанған, олардың да саны 2023 жылмен салыстырғанда 14% өскен.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Аида Балаева журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
25 маусым, 2026
Астанада ақпарат саласының қызметкерлеріне награда табыстау рәсімі өтті
24 маусым, 2026
Астанада жастардың Ұлттық пікірсайыс академиясы өтіп жатыр
23 маусым, 2026
Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақ қаламгерлерімен кездесті