Референдум-2026

Қазақстан су добынан Азия чемпионатының финалына жолдама алу үшін бақ сынайды

10 қазан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан су добынан Азия чемпионатының финалына жолдама алу үшін бақ сынайды
Фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық құрама ширек финалда Өзбекстаннан басым түсті. Кездесу 27:11 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда отандастарымыз Қытай құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, сондай-ақ әйелдер командасы да жартылай финалға шығып, Қытаймен ойнайды.