РФ Қауіпсіздік кеңесі баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанаға Сергей Шойгу келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келді. Онда ол Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты, қауіпсіздік мәселелерін және Сириядағы жағдайды талқылайды. Бұл – Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысының 2025 жылғы алғашқы шетелдік сапары», – делінген хабарламада.
РФ Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан қауіпсіздік кеңестерінің кеңселері арасындағы екіжақты консультациялар, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесу өтеді.