Референдум-2026

Астаналық полицейлер ауруханада алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні ұстады

Бүгін, 12:18
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық полицейлер ауруханада алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанадағы медициналық мекемелердің бірінде ем қабылдап жатқан пациентке тиесілі алтын әшекейлердің ұрлығы ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, әйелді ауруханаға жатқызған кезде өзімен бірге алтын сырға мен алқа болған. Біраз уақыттан кейін оның туыстары зергерлік бұйымдардың жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтады. Ол медициналық мекеменің бұрынғы қызметкері болып шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті ұрланған әшекейлерді ломбардқа тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді», - делінген хабарламада.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Қалта ұрлығынан қалай қорғануға болады

Полиция азаматтарға жеке мүлкінің сақталуына мұқият болуды ескертеді. Заттардың жоғалғанын анықтаған жағдайда, дереу ішкі істер органдарына жүгіну қажет.