Астанада зейнеткерлер конституциялық реформаға қолдау білдірді

Бүгін, 17:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада зейнеткерлер конституциялық реформаға қолдау білдірді
Фото: Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

Конституциялық реформаға қоғам тарапынан зор қызығушылық пен қолдау білдіріліп жатыр. Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлері де Жаңа Ата заңның нормаларын өзара талқылап, қолдау білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл – еліміздің саяси жаңғыруы мен демократиялық дамуына бағытталған маңызды қадам.

Осыған орай, бүгін Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаңа Конституциясын жобасын талқылау бойынша дәріс өтті.

Орталық зейнеткерлері қоғам өміріндегі маңызды қадамға ықыласпен қолдау білдірді», - дейді орталықтың баспасөз қызметі.


Кездесу барысында орталықтың қызмет алушылары ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Дәрісті Перспективті даму және әлеуметтік жобалар бөлімінің маманы Дәрия Әлиқызы жүргізіп, зейнеткерлерге Жаңа Конституция жобасын қолдауға, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде атсалысуға шақырды. Ол конституциялық өзгерістердің қоғам өміріндегі оң ықпалына тоқталып, әрбір азаматтың бұл үдерістен тыс қалмауы маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасына қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын білдірді.