Астанада телефон ұрлаған күдікті анықталды
6 қаңтар, 2025
Фото: Мария Конюхова
Астанадағы «Алматы» ауданының криминалдық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шағым түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәбірленуші қаладағы дүкендердің бірінде сауда жасап жүрген кезде iPhone телефоны ұрланғанын хабарлады. Қаскүнемнің әрекетінен келген шығын көлемі 700 мың теңгені құрады.
Тәртіп сақшылары бұл оқиғаны сараптап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 44 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Тергеу амалдары жалғасуда. Ұрланған телефон айғақ зат ретінде алынып, өзінің заңды иесіне қайтарылды.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға жеке мүліктеріне мұқият қарап, сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
16 тамыз, 2026
Астанада Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған азаматқа көмек көрсетілді
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды