20.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада студенттер арасында «Үздік тазалаушы-2025» байқауы өтті

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада студенттер арасында «Үздік тазалаушы-2025» байқауы өтті

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада Жұмысшы мамандықтары жылына орай және «Үздік» жобасының аясында Сервис және туризм колледжінде «Үздік тазалаушы-2025» байқауы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қонақ үй шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып жатқан 10 студент алған білімін осы байқаудағы тәжірибелік сынақта байқап көрді. Мақсат – жастарды әлеуметтік тұрғыда қолдау, кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру.

«Астана жастары» ресурстық орталығы және қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен байқауда қатысушылардың қабілетіне осы және басқа да колледждердің қызметкерлері баға берді.

Аталған колледждің арнайы пәндер оқытушысы Арайлым Қасенбаеваның айтуынша, байқауға қатысушы студенттерге қонақ үйлерді тазалау ережелері бойынша бөлмелерді дұрыс, әрі таза етіп жинағанына қарай баға беріледі.

«Қонақ үй бөлмелерін тазалау тәртібін дұрыс меңгерген студенттер байқауда жақсы нәтиже көрсетуі керек. Олардың алдымен жұмыс орнындағы жағдайды жасауы, керекті жабдықтары мен жуатын құралдарының түгел болуы, түрлі тазалағыш қоспаларды өз нормасымен шақтап қосуы, одан әрі тазалау техникасы, тазалаудың кәсіби әдістерін қолданғанда санитарлық талаптарды сақтауы да қаралады. Сондай-ақ жұмыс жылдамдығы, артық іс-қимылының болмауы, бөлмені тазалау сапасы, заттардың бетінде шаң-тозаңның болмауы, іздердің қалмауына да мән береміз. Одан соң бөлменің безендірілуі, яғни төсек жаймалардың дұрыс қойылуы, қапталуы, әр заттың өз орнында тұруы да тексеріледі. Соңынан ұсақ-түйек заттардың қалай жатқаны, мұқияттылығы да назарға алынады, яғни айнаның орналасуы, бұрыш-бұрыштарда не жатқанын да қараймыз», – дейді А.Қасенбаева.

Айта кетейік, колледжде бұдан басқа да бірқатар байқаулар өтіп жатқандықтан, бәрінің нәтижелері желтоқсан айында шығарылып, оқу орнының әлеуметтік парақшаларында жарияланатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗